Бюджет • Бүгін, 09:07

Шымкент әуежайына 41 млрд бөлінеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент әуежайы үш жылға жоспарланған ауқымды қайта құру жұмыстарының орталығына айналды. Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған деректерге сүйенсек, жобаның жалпы құны 40,6 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент әуежайына 41 млрд бөлінеді

Әкімдіктің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жариялаған конкурсқа сәйкес, құрылыс жұмыстары ұшу-қону жолағын қайта салуды, жаңа ИВПП-2 мен рулеждік жолақтарды тұрғызуды қамтиды. Бұл – аймақ әуежайының өткізу қабілетін арттырып, халықаралық стандарттарға сай қызмет көрсетуге жол ашатын маңызды қадам.

«Шымкент – еліміздің үшінші мегаполисі. Мұндағы әуе қатынасының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру – тек қала үшін емес, тұтас өңірдің дамуы үшін стратегиялық маңызға ие», делінген жоба сипаттамасында.

Байқауға өтінімдерді қабылдау басталып, 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Мамандардың айтуынша, реконструкция аяқталған соң Шымкент әуежайы жолаушылар ағынын бірнеше есе ұлғайтып, жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.